RU
Толық нұсқаға өту

Түркістан облысында жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр

20.08.2026, 09:50 14

Елде алдағы қыс маусымына газ инфрақұрылымы дайындалып жатыр. Бүгінде оның дайындық деңгейі 91 пайызға жетті.

QazaqGaz басқарма төрағасы Әлібек Жамауов елдің оңтүстігіндегі негізгі нысандардың жұмысымен танысты. Ал Шымкентте кеңейтілген жиын өткізіп, күзгі-қысқы маусымға дайындық пен өндірістік қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

Бұл - Полторацкое жерасты газ қоймасы. Елдің оңтүстігіндегі газ жүйесінің маңызды нысандарының бірі. Дәл қазір мұнда алдағы қыс маусымына қажетті қор қалыптастыру үшін газ айдалып жатыр. Қойманың сыйымдылығы - 350 миллион текше метр.

Әлібек Жамауов, «QazaqGAZ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы:

- Нысан сонау 1964 жылы пайдалануға берілген. Содан бері QazaqGaz ұлттық компаниясы қоймаға тиісті қызмет көрсетіп, үздіксіз пайдаланып келеді. Алдағы уақытта оны жаңғырту жұмыстары жалғасады.

QazaqGaz жылыту маусымына дайындықты өткен маусым аяқталған бойда бастаған. Газ құбырлары тексеріліп, жабдықтар жөнделіп, техникалық жағдайы бақылауға алынған. Өндірістік және көлік қауіпсіздігіне де ерекше мән беріліп отыр.

Абзал Қисметов, «QazaqGAZ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары:

- Жеті айдың қорытындысы бойынша, өндірістік қауіпсіздік бойынша  көрсеткіштер былтырғы жылмен салыстырғанда жақсы. Біз QazaqGaz компаниясы үшін әр жұмысшының денсаулығы, қауіпсіздік ережесін сақтауы бізге маңызды болып келеді. Бүгінгі таңда 91 пайызға жұмыстар аяқталған.

Газ желілерінің жағдайын бақылауға заманауи технологиялар көмектесіп жатыр. 17 өңірде жеті «Пергам» мобильді зертханасы жұмыс істейді. Олар осы уақытқа дейін 8 мың шақырымнан астам газ желісін тексерген.

Уәлихан Қымбатов, «QazaqGaz Aimaq» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары:

- Үш түрлі диагностика өткіземіз. Ол – жаяу жүру слесарьмен. Қолында газанализатор қолдағы лазерлі детекор немесе автокөлікпен пергам, дрон болады. Үшеуінде жұмыста қолданамыз.

Жоспар бойынша газ жүйесін толық дайындау қыркүйек айына дейін аяқталады. Осыдан кейін нысандарға дайындық паспорттары беріледі.

Авторлары: Данияр Сұлтан, Нұрмахан Мұсатов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz