Көкшетау қаласының прокуратурасы атқарушылық іс жүргізу саласында заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жүргізген жұмыстың нәтижесінде 60 млн теңгеден астам алимент өндірді, деп хабарлайды 24KZ.
Жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарған 32 борышкер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар 20 кәсіпорын қызметкерінің еңбек құқықтары қорғалып, оларға тиесілі 20,2 млн теңге жалақы берешегі толық өтелді.
Сот орындаушыларының қызметінен мәжбүрлеп орындату шараларын уақтылы қабылдамауға байланысты заң бұзушылықтар анықталды. Осыған байланысты 19 сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Прокуратураның мәліметінше, қабылданған шаралар азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге және сот актілерін орындау тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Тегтер #Көкшетау #прокуратура #алимент #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz