«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде былтыр 6,6 мың шақырым инженерлік желі жөнделді.
547 млрд теңге бағытталып, 8 кәсіпорын желілердің тозуы бойынша «қызыл аймақтан» шығарылды. Министрлік құны 990 млрд теңгеден асатын тағы 393 жобаны қолдады. Олар 12 мың шақырымға жуық электр және жылу желілерін жаңартуды көздейді. Бұл мақсатта 1,1 трлн теңге бөлінеді. Бұдан бөлек, елдің тауар өндірушілерін қолдауға басымдық берілді. Үш жылдан кейін отандық өнім көлемі 2 трлн теңгеге жетеді.
Ержан Ертаев, ҚР ЭМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы:
- Степнагорск қаласында 1973 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан тозу деңгейі 90 пайыздан асатын жылу магистралін жаңғырту жобасы іске асырылуда. Талдықорған қаласында 1980 жылдардан бері пайдаланып келе жатқан диаметрі 700 мм негізгі жылу магитсралі жаңғыртылуда. Алматы қаласында тозу деңгейі 83 пайыздан асатын жылу желісінің учаскесі қайта жаңғыртылуда.
Тегтер #Хабар 24 #жаңалықтар #инженерлік желі #жөндеу жұмыстары
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz