RU
Толық нұсқаға өту

БҚО-да жаңа білім ордасы бой көтерді

20.08.2026, 13:10 15

Батыс Қазақстан облысы Үштөбе ауылының шәкірттері жаңа оқу жылын жаңа білім ордасында қарсы алмақ. 300-дей тұрғыны бар елді мекенде мектеп жасындағы 60 бала тіркелген.

55 жыл бұрын салынған төбесінен су кетіп, қабырғасы қақыраған ескі ғимараттың орнына жаңасын салу жөнінде шешім былтыр қабылданды. Дәл қазір құрылыс 97% аяқталған. Қажетті қаржы жеке инвестор есебінен бөлінді. Еңселі де сәулетті ғимаратта балалардың білім алуына жан-жақты жағдай жасалған. Пәндік кабинеттер жабдықталған, асхана, акт залы, шеберхана қарастырылған.

Нұрлан Мусин, Үштөбе ауылының тұрғыны:

- Биыл бір үлкен қуаныш болайын деп жатыр. Бала-шағадан бастап қарттарға дейін бәрі қуанышты. Өйткені жаңа мектепке көшкелі жатырмыз.

Шадияр Мақсотов, Жамбыл ауылдық округінің әкімі:

- Өз уақытынан ерте бітейін деп тұр. Жоспар бойынша қазан айының 15-не жоспарланған, алайда мердігеріміздің уақытылы жұмысын тиянақты атқарғандығы арқасында 1 қыркүйектен басталайын деп тұр. Жалпы ауылымызда жаңа мектеп ашылуы жастарымызға деген жаңа биік белестерді ашады деген сенімдеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz