RU
Толық нұсқаға өту

Елде ауыл балалары заманауи білім беру ордасына қол жеткізді

20.08.2026, 13:20 17

Ауылдық елді мекендерде 80-нен астам жаңа форматтағы мектеп бой көтерді. Соның арқасында 130 мыңнан астам ауыл баласы заманауи және жайлы білім беру ордасына қол жеткізді.

Оқушы орындарының тапшылығын жою, үш ауысымды оқыту жүйесі мен апатты мектептердің санын қысқарту масқатында Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асқаны мәлім. Үш жыл ішінде жоба аясында елімізде 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 200-ден аса мектеп тұрғызылды. Дені Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, Түркістан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында салынды. Нәтижесінде 50-ден астам үш ауысымды және 12 апатты мектеп мәселесі толығымен шешімін тауып, 100 шақты мектепте оқушы орындарының тапшылығы жойылды. Келешек мектептері заманауи физика, химия, биология кабинеттерімен, зертханалармен, компьютерлік сыныптармен, STEM-зертханалармен және робототехника кабинеттерімен жабдықталды. Ал шығармашылық әлеует пен кәсіби дағдыларды дамыту мақсатында толық жарақтандырылған әмбебап шеберханалар, студиялар мен бастауыш кәсіптік оқыту кабинеттері ашылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz