RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да 4 мыңға жуық адамды кене шаққан

20.08.2026, 13:30 31

Шығыс Қазақстанда жер қарайып, күн жылығалы 4 мыңға жуық адамды кене шаққан. Оның ішінде 14 адам кене энцефалитін, ал 10 адам кене боррелиозін жұқтырған. Барлығы да емделіп шықты.

Эпидемиологтардың айтуынша, кесел тарататын улы қансорғыштар  Өскемен, Риддер, Алтай, Үлкен Нарын мен Зайсан аудандарының аумағында көп шоғырланған. Тамыздың соңында жәндіктің белсенділігі тағы да артады. Яғни таралуының екінші кезеңі басталады. Сондықтан табиғат аясына шыққан кезде сақтық шарасын ұмытпаған жөн, - дейді мамандар. Айта кетейік, облыста кене энцефалитіне қарсы егілетін иммуноглобулин қоры жеткілікті.

Сәуле Сіләмғазина,қ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында  иммуноглобулин жеткілікті. Шығыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасы  жыл басында облысымызға 30 литр кенеге қарсы иммуноглобулин  сатып алды. Негізі жылына біздің облысымызға 24-26 литр қажет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz