Шығыс Қазақстан облысындағы 2776 метр биіктіктегі Ворошилов шыңына көтерілген саяхатшылар жаңа бірпалаталы Құрылтайдың символикасы бейнеленген туды желбіретті, деп хабарлайды «24KZ».
Тревел-блогер Мұратжан Мұратов пен аға гид Александр Васильев бұл спорттық бастаманы алдағы маңызды саяси науқанға арнайтындарын айтты.
Саяхатшылардың айтуынша, күрделі тау жолынан өту мен ортақ мақсатқа жету ел өміріндегі үлкен өзгерістермен үндеседі.
Жаңа шыңдарды жалғыз бағындыру мүмкін емес. Ел болашағы да әрқайсымыздың таңдауымыздан басталады, – деді олар.
Айта кетейік, 23 тамызда қазақстандықтар жаңа бірпалаталы Құрылтай депутаттарын алғаш рет сайлайды. Дауыс беру қорытындысы бойынша жаңа заң шығарушы органда азаматтардың мүддесін қорғайтын және мемлекеттің әрі қарай дамуына үлес қосатын өкілдер анықталады. Саяхатшылардың бұл акциясы азаматтық жауапкершілік мен ортақ таңдаудың маңыздылығын паш етті.
Тегтер #Құрылтай сайлауы #ШҚО #24KZ #24жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz