Астанада 20 тамыздан бастап Р. Қошқарбаев даңғылының Тәуелсіздік даңғылынан М. Төлеубаев көшесіне дейінгі бөлігінде автобус жолағы енгізіледі, деп хабарлайды «24KZ».
Арнайы бөлінген жолақ қоғамдық көліктің кедергісіз жүруіне мүмкіндік беріп, оның жұмыс тиімділігін арттыруға, жол жүру уақытын қысқартуға және жолаушылар үшін қатынасты барынша қолайлы етуге бағытталған.
«Осыған байланысты жүргізушілерден аталған учаскедегі жол қозғалысы тәртібінің өзгеретінін алдын ала ескеріп, жол белгілері мен жол таңбаларының талаптарын қатаң сақтауды сұрайды», – делінген әкімдік хабарламасында.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Астана #автобус жолағы #қала әкімдігі #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz