RU
Толық нұсқаға өту

Елде 72 теміржол вокзалын реконструкциялау аяқталды

20.08.2026, 17:35 30

Президент тапсырмасымен ел бойынша 124 вокзалды жаңғырту жүзеге асырылып жатыр. 

Жоба аясында ғимараттар мен инженерлік желілер жаңартылып, күту залдары кеңейтілді. Сондай-ақ заманауи қауіпсіздік жүйелері, лифтілер орнатылып, кедергісіз орта қалыптасты. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы биыл 124 вокзалдың 121-ін реконструкциялау жоспарланып отыр. Тамыз айының соңына дейін тағы 34 вокзал пайдалануға берілмек, 15 нысандағы жұмыстар қыркүйектің соңына дейін бітеді. Ал тарихи құндылығы бар Астана , Алматы және Түркістан вокзалдарын жаңғырту 2027 жылы аяқталады. Олардың бастапқы сәулеттік келбетін сақтау үшін жөндеу жұмыстары жеке кесте бойынша жүргізіліп жатыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz