RU
Толық нұсқаға өту

Атырау облысында 15 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

20.08.2026, 19:37 37

Атырау облысында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды жұмыспен қамтуға басымдық беріліп жатыр. 

Арнайы шаралар нәтижесінде 15 мыңнан астам адамның өтініші қанағаттандырылған. 10 мыңнан астам тұрғын кәсіптік бағдарлаудан өтсе, 5 мыңға жуық әйел тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен қатар «Бастау Бизнес», Skills және қысқа мерзімді курстар арқылы әйелдердің жаңа кәсіп меңгеруіне мүмкіндік жасалып отыр. Ал мүгедектігі бар азаматтарды еңбекке тарту үшін Атырау қаласы мен Индер ауданында арнайы жұмыс орындары ашылды.

Еркебұлан Әбілқасымов, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

- Онда 400-ден астам мекемені бекітіп, квота белгіленген болатын. Квота мөлшері жұмыс істеп жатқан қызметкерлер санының 2-ден 4 пайызына дейінгі бөлігін құрайды. Жалпы қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі 150-ден астам адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде 42 адам квота шеңберінде жұмысқа орналастырылды. Жалпы облыс бойынша аудандық және қалалық «Мансап орталықтарына» 1 мыңнан астам адам жұмысқа орналасу мәселесі бойынша хабарласты. Оның 350-і ауыл – тұрғындары.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz