RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларына арналған курс өтіп жатыр

20.08.2026, 21:59 23

Бес күнге созылатын оқуға әскери қызметшілер мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады. Жиынға 20-ға жуық маман тіркелген.

Оқу курсына Қытай, Жапония, Армения, Пәкістан мен Франциядан өкілдер келген. Шетелдік мамандар отандық офицерлермен қақтығыс аймақтарындағы іс-әрекеттер мен оның алдын алу шараларын талқылады. Сонымен қатар бітімгерлік миссияларындағы әйел офицерлердің рөліне назар аударды. Жауаптылардың сөзінше қақтығыс жағдайларында әйелдер мен балалар әйел офицерлерге тез сенім білдіреді. Бұл бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамассыз етуге мүмкіндік береді. «Сондықтан әйел офицерлердің бітімгерлік миссияларындағы тиімділігі жоғары», - дейді мамандар.

Айтолқын Әбдібек, Бітімгерлік даярлық басқармасының офицері:

-  Бұл халықаралық курс қазіргі таңда Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйыммен бірлесіп өткізіліп отыр. Курстың басты мақсаты — әр елден келген, бітімгерлік операцияларға қатысқан әскери қызметшілердің өзара тәжірибе алмасып, гендерлік аспектілерді қалай шешуге болатынын бірлесіп талқылауы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz