Онда сарапшылар сайлаушылардың электоралдық көңіл-күйі мен дауыс беруге дайындығын талқылады.
Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген әлеуметтік зерттеудің нәтижесі азаматтардың ынтасының жоғары екенін көрсеткен. Саяси науқанда цифрлық технология кеңінен пайдаланылады. Яғни сайлауға қатысты кез-келген ақпарат қолжетімді. «Sarap» клубының басқосуына Астана, Ақтөбе, Атырау мен Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының ғылыми-зерттеу қауымдастықтарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жанар Боқанова, Қазақстандық қоғамдық даму институты төрағасының орынбасары:
- Осы электоралды науқанның ерекшеліктерінің бірі – елімізде цифрлық технологиялардың кеңінен пайдаланылуы деп айтуға болады. Мысалы, әртүрлі электоралды платформалар құрылды. Азаматтардың белсенділігі де өте жоғары болды. Оған дәлел ретінде теледебаттарды айтуға болады. Алғашқы теледебатқа 21 мың адам қатысса, үшінші теледебаттағы қатысушылар саны 163 мыңнан асты. Бұл – қоғамдағы азаматтардың сайлау үдерісіне деген қызығушылығының жоғары екенін көрсетеді.
Тегтер #Ақтөбе #Sarap #клуб #отырысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz