Шымкенттегі дендросаябақта жылжымалы дәмхана (фудтрак) маңында болған жанжал кезінде жасөспірім пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «24KZ».
Оқиға 17 тамыз күні кешкі уақытта қалалық дендросаябақтың кіреберісінде болған.
Шымкент қаласы полиция департаменті аталған деректі растады. Ведомство мәліметінше, дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Оқиғаға қатысушылар анықталды. Жарақаттанған жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайы, жанжалдың себептері анықталып жатыр, – деп хабарлады полиция.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатыр.
Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілдерін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша барлық қатысы бар тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, заңнамада көзделген шаралар қабылданады, – деп мәлімдеді полиция.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Шымкент #қылмыс #полиция #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz