QazaqGaz компаниясы жылу беру маусымына қызу дайындалып жатыр.
Бүгінде тиісті жұмыстардың 91 пайызы орындалған. Газ реттеу қосындары ағымдағы жөндеуден өткізіліп, құбыр желілерінің басым бөлігі тексерілді.
QazaqGaz компаниясы жылу беру маусымына қызу дайындалып жатыр. Бүгінде тиісті жұмыстардың 91 пайызы орындалған. Газ реттеу қосындары ағымдағы жөндеуден өткізіліп, құбыр желілерінің басым бөлігі тексерілді.
Газ құбырын тексеруге озық технология қолданылып жатыр. Арнайы бригада көлікпен жете алмайтын аумақтарға енді дрон жібереді. Көкке көтерілген аппараттардың бағытын пультпен қайта-қайта нұсқап отырудың да қажеті жоқ. Жүйеге алдын ала енгізілген маршрут бойынша дрондар өздігінен ұшып өтеді және техникалық ақауды 100 метр биіктіктен анықтай алады.
Бексұлтан Темірхан, ұшқышсыз ұшу аппаратының операторы:
- Дронның өзінде автопилот бар. Егер оған маршрут істесең, ол маршрутпен өзі өтеді. Газопроводтың картасын көрсетсең, ол өзі сол картамен өтіп кетеді. Өткеннен кейін каждый утечка табылған жерлерін көрсетеді, утечка болса.
Жылу беру маусымында тұтынушыларды көгілдір отынмен тұрақты әрі қауіпсіз қамтамасыз ету үшін компания қызу дайындық жүргізіп жатыр. 287 мыңнан астам газ реттеу қосыны болса, солардың негізгі бөлігі ағымдағы жөндеуден өтті. 77 мың шақырым желі мен соның бойындағы газ шаруашылығы нысандары тексерілді.
Медет Шайсұлтанов, «QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалының газ желілерін пайдалану және жөндеу қызметінің басшысы:
- QazaqGaz республика бойынша газ тарату желілерінің жылу беру маусымына дайындығын 91 пайызға жеткізді. Бәрі кестеге сай жүріп жатыр. Ағымдағы жөндеумен қатар апаттық аумақтарда құбырлар ауыстырылды.
Жанат Аусаров, қала тұрғыны:
- Үш-төрт жылдан бері ешқандай апат болған жоқ. Қалпында бәрі. Қысы-жазы міне газ бар.
Тиісті жұмыстардың қалған бөлігі жылу беру маусымына дейін толық аяқталады. Сондай-ақ компания мамандары тұтынушыларға қауіпсіздік талаптары жайлы түсіндіріп, жадынама таратып жүр.
Тегтер #QazaqGaz #жылыту маусымы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz