Қазақстанда Құрылтай есімі және оның түрлі нұсқалары бүгінде сирек кездеседі. 2026 жылғы тамыздағы мәлімет бойынша, елімізде «Құрылтай», «Курылтай», «Курултай» және «Курлтай» есімдерімен 10 азамат тіркелген, деп хабарлайды 24KZ.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, олардың алтауы — ер адам, төртеуі — әйел.
Құрылтай есімі және оның нұсқалары ең көп кездесетін өңір — Шығыс Қазақстан облысы. Мұнда осындай есімі бар 4 адам тұрады. Алматыда — 2 адам. Ал Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әрқайсысында бір адамнан тіркелген.
10 адамның бесеуі 65 жастан асқан. Ең үлкені — 80 жаста.
Қалған азаматтардың әрқайсысы 30–34, 50–54, 55–59 және 60–64 жас аралықтарының біріне жатады.
Тегтер #құрылтай #есімдер #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz