Алматыда автобус салонында төрт адам төбелесіп, қақтығыс кезінде қатысушылардың бірінен пышақ табылды, деп хабарлайды «24KZ» қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Кадрлардан күндізгі уақытта автобус ішінде ер адамдардың өзара жұлқысып жатқанын көруге болады. Бір сәтте бұл жанжалға басқа жолаушы да араласып, содан кейін қатысушылардың бірі пышақ шығарған.
Аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алматы қалалық Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысқан әрбір азаматтың әрекетіне түбегейлі құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.
Тегтер #Алматы #қоғамдық көлік #24жаңалықтар #24KZМұндай агрессивті және қоғамға қауіпті әрекеттерге жол берілмейді. Кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жазаға тартылады, - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz