Алматыда мүмкіндігі шектеулі енесін зорлады деген күдікті ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды «24KZ».
Қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады.
«Аталған факті бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның әрекетіне принципті әрі объективті құқықтық баға беріледі. Кінәсі дәлелденген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады», – делінген ПД хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін Алматы қаласында жергілікті тұрғын өзінің мүгедектігі бар енесіне жыныстық сипатта зорлық-зомбылық көрсетті деген айыппен ұсталғаны хабарланған. Сұмдық қылмыс туралы ақпаратты жәбірленушінің өз қызы күдіктінің заңды жұбайы полицияға арызданғаннан соң белгілі болды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Алматы #қылмыс #полиция #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz