RU
Толық нұсқаға өту

СҚО-да жаңа мектеп ашылады

21.08.2026, 17:40 24

Солтүстік Қазақстан облысы Белое ауылында биыл апатты деп танылған мектептің орнына жаңасы салынып жатыр. Оның құрылысына жергілікті бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлінді.

Қала іргесіндегі елді мекендегі білім беру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бұл Петропавлдан небәрі 9 шақырым жердегі Белое ауылы. Сәуір айында елді мекендегі 1964 жылы салынған мектептің төбесі құлап, нысан апатты деп танылды. Енді ескі ғимарат бұзылып, орнына жаңасы салынып жатыр.

Анар Ахметова, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі:

- Мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар мектептің салынып жатқанына өте қуаныштымыз. Себебі бұрынғы мектебіміз өте тар, кішкентай болды. Қазір заманға сай заманауи кабинеттер, акт залы, жаңа асхана болады. Өте қуаныштымыз.

Бұл мектеп 120 балаға арналған. Әзірге олар уақытша көрші Пеньков ауылына қатынап оқитын болады. Ал жаңа білім ордасы келесі жылдың басында тапсырылуы тиіс. Оның құрылысына 1,4 млрд теңге бөлінді.

Қазір құрылысшылар мектептің бірінші қабатын аяқтап, екіншісін көтеруге кірісіп кетті. «Қолданылып жатқан материалдың барлығы дерлік – отандық», - дейді мамандар. Жұмыс барысын техникалық қадағалау мамандары күн сайын тексеріп отырады.

Қазір Солтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылына дайындық шаралары толық аяқталды. Биыл білім беру нысандарын күрделі жөндеуге 2,1 млрд теңге бөлінген.

Әсел Оразбаева, Білім басқармасының баспасөз хатшысы:

- Жазда 14 білім беру нысанында күрделі жөндеу жүргізілді. Олардың 11-і орта білім беру нысаны және 6 білім беру нысанында реновация бағдарламасы бойынша жөндеу жүргізілді.

Өңірде жаңа оқу жылын 439 мектеп бастайды. Олар 74 мыңнан аса оқушыны қабылдайды деп жоспарланып отыр.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz