RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысындағы «Шу-Қайнар» тас жолы жөнделіп жатыр

21.08.2026, 22:00 23

Жамбыл облысында жарты ғасыр бойы жөндеу көрмеген «Шу-Қайнар» автожолы күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Негізі күре жолды жаңғырту жұмысы 2022 жылы басталған.

Алайда бір жылдан кейін мердігер құрылыс алаңын тастап кетіп, жол жөндеу жұмыстары тоқтап қалды. Сөйтіп республикалық маңызы бар тас жолды асфальттау жұмысы былтыр қайта басталды. 56 шақырымдық автожолды жөндеуге 19 млрд теңге бөлінді. Қазір жобаның 45 пайызы аяқталған. Жоба шеңберінде төрт көпір салынып, бірнеше су өткізгіш құбыр орнатылады. Жоспар бойынша күрделі жөндеу жұмыстары келер жылы аяқталады. 

Дәурен Әмренов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары:

- Бірінші мердігер компания «Цинь-цинь» 21 шақырымды асфалттауда. Ал екінші шымкенттік компания 35 шақырымда жұмыстар жасауда. Қазір 206 техника, 330 адам жұмыс істеп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz