RU
Толық нұсқаға өту

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 20 мыңнан астам несие берілді 

22.08.2026, 13:19 24

Елде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 20 мыңнан астам шағын несие берілді. Оған 22 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. 

Биыл тағы 5 мыңнан астам жобаны жүзеге асыру көзделген. Жеңілдетілген несие мал шаруашылығы, қайта өңдеу, қызмет көрсету секілді салаларға және ауыл бизнесінің өзге бағыттарын дамытуға беріледі. Кейінгі үш жылда қазынадан 150 млрд-тан астам теңге бөлінді. Осылайша, ауыл тұрғындарына өз ісін дамытуға және тұрғылықты жері бойынша табыс табуға мүмкіндік берілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Үкімет ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі жұмысты жалғастырып жатыр. Әсіресе шекара маңындағы елді мекендердің экономикалық әлеуетін арттыруға басымдық берілген. 

Нұрлан Мақсұтов, ҚР ҰЭМ Өңірлік даму департаментінің директоры:

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес шекара аумағындағы ауылдарды дамыту бойынша бөлек бағыт іске асырылады. Шекара маңындағы ауылдық елде мекендердің инфрақұрылымын дамыту бойынша «Ауыл ел бесігі» бағдаралмасы бойынша 2019-2025 жылдары республикалық бюджттен 183 млрд теңге бөлінді. Аталған қаржының есебінен 500-ден аса елді мекенде инфрақұрылымдық жобалар іске асырылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz