Есесіне оның орнына заман талабына сай 100 жаңа тұрмыстық қалдықтар полигоны салынатын болды.
Ел Президентінің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Үкімет абаттандыру, экологиялық мәдениетті дамыту, қалдықтарды қайта өңдеу және табиғи экожүйелерді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Астана, Алматы және Жамбыл облыстарында электр энергиясын өндіру арқылы қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша заманауи кешендер бой көтереді. Мұнда тәулігіне 4,4 мың тоннаға дейін қалдықтарды қайта өңдей алады. Ал инвестиция көлемі 225 млрд теңге. Сондай-ақ Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Павлодарда дәл осындай кәсіпорындардың құрылысы жүзеге асады. Бұдан бөлек, елде орман алқаптарын көбейтуге басымдық берілген.
Дәулет Есмағамбетов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі департаментінің директоры:
- Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру басталғалы бері Қазақстанда елді мекендердің ормандылығын арттыру және көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Мемлекеттік орман қорында 2021-2025 жылдары арасында 1 млн гектар алқапқа 1 млдр 648 млн көшет отырғызылды. 2027 жылы мемлекеттік орман қорына тағы 270 млн көшет отырғызу жоспарланған.
Тегтер #полигон #Таза Қазақстан #тұрмыстық қалдық #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz