RU
Толық нұсқаға өту

Мүгедектігі бар балаларға қолдау көрсетудің жаңа тәсілі енгізіледі

22.08.2026, 20:25 37

Солтүстік Қазақстанда мүгедектігі бар балалар мен олардың отбасыларына қолдау көрсетудің жаңа тәсілі енгізіледі.

Жобаны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі облыс әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Оған сәйкес, енді балаларға үйде көрсетілетін әлеуметтік қызметтермен қатар бейінді мамандардың қашықтан көмегі де ұсынылады. Бұл тәсіл балалар мен олардың отбасыларына қажетті көмекті қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Әсіресе аудан немесе облыс орталығынан шалғай елді мекендерде тұратын отбасылар үшін мұндай қолдау маңызды болмақ. 

Асқарбек Ертаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Қазіргі күні облыста 180 мүгедектігі бар бала тұрады. Олар алыс аудандарда, ауылдарда тұрады. Сол себептен біз қыркүйек айына дейін әкімдікпен бірлесіп дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қыркүйек айынан бастап, жоба іске қосылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz