Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы қазақстандықтарға үндеу жариялады.
Үндеуде «тыныштық күні» және дауыс беру кезінде ақпаратқа мұқият болуға шақырды. Бұл кезеңде азаматтарды адастыруы мүмкін жалған ақпарат, арандатушылық материалдар мен фейктер таралуы ықтимал. Көбіне ескі фото мен бейнематериалдар, басқа елдерде түсірілген кадрлар таралуы мүмкін. Мұндай контентті жасанды интеллект арқылы да жасауға болады.
Осы орайда орталық мамандары тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, мәліметтің бастапқы дереккөзін тексеруге және расталмаған ақпаратты таратпауға кеңес береді.
Тегтер #сайлау #құрылтай 2026 #жалған ақпарат #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz