RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандағы авиациялық қауіпсіздік деңгейі 96%-ға жуықтады

22.08.2026, 21:33 33

Елде авиациялық қауіпсіздік деңгейі 96%-ға жуықтады.

Ал ұшу қауіпсіздігі стандарттары 82%-ға жетті. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы осындай баға беріп отыр. Бұл Еуропа өңіріндегі орташа көрсеткіштерден жоғары саналады. Биыл елде көлік оқиғаларын тергеп тексеру жөніндегі арнайы мамандандырылған орталық құрылды. Алматы, Қызылорда және Шымкент әуежайларда жаңа терминалдар іске қосылды. Олардың жалпы өткізу қабілеті жылына 23 миллион жолаушыға дейін артты. Президенттің тапсырмасы бойынша Катон-Қарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежайлар салу жоспарлануда. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Сонымен қатар үш жылда транзиттік әуе рейстерінің көлемі 4 есе өсті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz