Атырауда қоғамдық қауіпсіздік және жедел әрекет әту мәселелері талқыланды.
Облыс әкімі Болат Ақшолақов полиция департаментінің жұмысымен танысып, қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындардың қауіпсіздігі мен заманауи технологияларды пайдалану мүмкіндігін кеңейту жөнінде жиын өткізді. Сонымен қатар бағдаршамдар орнату, жол қозғалысын ұйымдастыру схемаларын өзгерту мәселелері көтерілді.
Қазір өңірде шамамен 70 мың бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. 21 мыңнан астам камера Жедел басқару орталығына тікелей қосылған. Жасанды интеллект арқылы жұмыс істейтін бейнеаналитика жүйесі адам мен көлікті, қараусыз қалған заттар мен қоршаған ортаны ластау деректерін автоматты түрде тіркеп, жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Нұрлан Сәрсембаев, облыстық ПД жедел басқару орталығының бастығы:
- Ақылды бағдаршамдар, жол қозғалысының бақылау жүйелері және басқа да заманауи технологиялар негізгі мақсаты – қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау. Жалпы цифрлық технологияларды тиімді пайдалану полиция жұмысының жеделдігін арттырып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен мүмкіндік беріп отыр.
Облыс әкімі бейнебақылау камераларын көбейтумен қатар олардың тұрақты жұмыс істеуін де қадағалау керегін жеткізді. Жолдағы қауіпсіздік мәселелерін егжей-тегжейлі пысықтау тапсырылды. Сондай-ақ деректерді қорғау мәселесі көтерілді. Полиция департаментінің бастығы қазір қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтілгенін айтты.
ПД бастығы:
Мына жерде киберпреступность, бәрі осында. Бұрын бізде, айттым ғой, 12-ақ лом болған. Қазір мен дорожников, киберпреступность, нац.гвардия, бәріне орын бердім. ДЧС-қа орын бердім. Әркімнің өзінің учаскесі бар.
Облыс әкімі арнайы жасақтың базасын, спорт кешенін аралап, қызметкерлердің дайындығымен танысты. Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға үлес қосқан полиция қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстады.
Асланбек Шығыр, Айбек Байзақов, Амантай Мәтенов
Тегтер #Заң мен тәртіп #Атырау #қоғамдық қауіпсіздік #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz