RU
Толық нұсқаға өту

Биыл 10 ЖЭК нысаны іске қосылады

22.08.2026, 23:58 42

Биыл елде жалпы қуаты 245 мегаватт болатын 10 жаңа нысанды іске қосу жоспарланған.

Оның төртеуі – жел, бесеуі – күн және біреуі су электр станциясы. Энергетика министрлігінің мәліметінше, алдағы уақытта жаңартылатын энергия саласында жалпы қуаты 3,5 гигаваттан асатын 100-ге жуық жоба жүзеге асырылады. Бұдан бөлек қуаты 4 гигаватт болатын ірі жобалар да қазір пысықталып жатыр. Соңғы алты жылда жаңартылатын энергия көздерінің электр өндірісіндегі үлесі төрт есе артқан. Ведомство өкілдері бұл өсімді мемлекеттік қолдау шаралары,  инвестиция тарту және жаңа генерациялық қуаттарды іске қосумен байланыстырады. Бүгінде Қазақстанда жалпы қуаты 4 гигаватқа жуық 172 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істеп тұр.

Сұлтан Дүкенбаев, ҚР Энергетика министрлігінің басқарма басшысы:

- ЖЭК секторына TotalEnergies, China Power, Masdar және China Energy сияқты ірі халықаралық инвесторлар тартылды. Олардың қатысуы заманауи технологиялар мен инвестицияларды тартуға, сондай-ақ жаңа генерациялау қуаттарын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта бұл шаралар елдің энергия теңгеріміндегі таза энергетиканың үлесін арттыруға, энергетикалық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz