Құрылтай депутаттарының сайлауына Жамбыл облысының тұрғындары да белсенді қатысып жатыр. Аймақта 730 мыңнан астам тұрғын өз таңдауын жасауда. Олар таңнан бері 520 сайлау учаскесінде дауыс беруде.
Мерей Бает, тілші:
- Сайлауға әулиеаталықтар белсенді қатысып жатыр. Күн жексенбі болса да, таңмен таласып, сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасап жатқандар көп. Тіпті бұл күнді мерекеге айналдырып жатыр десек те болады. Ұлттық киім киіп, учаскелерді аралап, концерт қойып жүрген жастар бар. Ал мына мен тұрған №35 сайлау учаскесіне қазір ғана «Асыл жандар» ансамблі келді. Әжелерден құралған өнер ұжымы шашу шашып, өнер көрсетіп, сайлаушылардың көңілін көтеруде.
Гүлбарам Әбдіхалықова, қала тұрғыны:
- Құрылтай сайлауы бұл тарихи оқиға. Сондықтан бұл күннің ерекше көңіл күйде көпшіліктің есінде қалуы керек деген пікірдеміз.
Мерей Бает, тілші:
- Енді бірнеше ақпарат айта кетсем. Жалпы аймақта 730 236 адам дауыс беруге құқылы. Олардың ішінде 18-ге жаңа толған 2500 жас бар. Сондай-ақ мүгедектігі бар 2600 тұрғын да өз таңдауын жасап жатыр. Олар үшін барлық сайлау учаскесінде арнайы кең кабина жасалған. Есту қабілеті бұзылған адамдарға 64 сурдоаудармашы ақпарат беріп жатыр. 41 инватакси қызмеи көрсетуде. Жалпы саяси науқанда 3700 ге жуық мүшесі бар 532 сайлау комиссиясы жұмыс істеп жатыр.
Тегтер #сайлау #құрылтай 2026 #дауыс беру учаскесіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz