Елордадағы дауыс беру учаскелерінде жұмыс қызу жүріп жатыр. Біздің арна тілшілері қаланың әр ауданындағы жағдайды бақылап, ақпаратпен бөлісуге дайын.
Ғазиза Мұхамеджанова, тілші
- Бұл - Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында орналасқан №129 сайлау учаскесі. Бұл учаске де таңғы 7.00-де ашылды. Қазіргі таңда жағдай тұрақты. Дауыс беру барысын 30-ға жуық байқаушы бақылап отыр. Ең бастысы, азаматтар өздерінің азаматтық жауапкершілігін көрсетіп, Әділетті Қазақстанды құруға өз үлестерін қосуы маңызды. Ел үшін маңызды шешімдер азаматтардың белсенді қатысуымен қабылдануы қажет. Сайлау учаскелерінде азаматтарды комиссия мүшелері қарсы алады. Құжаттары тексерілгеннен кейін сайлаушыларға бюллетеньдер беріледі. Одан соң олар дауыс беруге арналған кабиналарға өтеді. Ал алғашқы болып дауыс берген сайлаушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Елордада дауыс беру үшін 438 сайлау учаскесі ашылған. Оның 403-і – ашық, 35-і – жабық учаске. Барлық учаскеде азаматтардың барлық санаты үшін, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға да қажетті жағдай жасалған. Қазақстандықтар сайлауға қатысып отырған жеті саяси партияның біріне дауыс береді. Сайлау қорытындысы бойынша Заңда белгіленген межеден өткен партиялар арасында Құрылтайдағы депутаттық мандаттар бөлінеді. Сайлау барысын 42 мемлекет пен 13 халықаралық ұйымнан келген 777 шетелдік байқаушы бақылайды. Олардың қатарында 41 елдің 138 Парламент депутаты бар.
Тегтер #құрылтай 2026 #дауыс беру учаскесі #Ұлттық академиялық кітапхана #сайлау учаскелері #АстанаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz