RU
Толық нұсқаға өту

Маңғыстауда 267 сайлау учаскесі жұмыс істейді

23.08.2026, 12:10 34

Маңғыстау облысында 267 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Өңірде 457 мыңнан астам сайлаушы таңдау жасайды. Аймақ әкімі Нұрләулет Қилыбай 16 шағын аудандағы №68 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Көпшілікпен тілдесіп, саяси маңызы зор жалпыхалықтық шара жөніндегі ой-пікірін бөлісті.

Нұрдәулет Қилыбай, облыс әкімі:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының өзі де айтып жүр, болашақта Әділетті Қазақстан болуы керек деп. Заң мен тәртіп, тазалық, мұның барлығын қазір бір сәтте атқарып өту қиын шығар. Бірақ елдің дамуына серпін беретініне сөз жоқ. Бір Палаталы болғаннан кейін шешім қабылдау уақыты тез болады. Ол, әрине, халыққа міндетті түрде оң ықпалын тигізеді.

Маңғыстаулықтардың сайлау учаскелеріне ұлттық киіммен келуі үрдіске айналған. Көпшіліктің арасында Құрылтай есімді қала тұрғыны да болды. Жалпы елде бұл есім қойылған 10 адам тұрады.

Құрылтай Хожабаева, қала тұрғыны:

- Әрине, бүгінгі күн мен үшін өте ерекше. Қазақ елінде бірінші рет Құрылтай болғалы жатыр. Қазақ халқының болашағына, қазіргі жас ұрпақтарға қуаныштымын. Олардың болашағы жарқын болуына үміттенемін. 

Өңірдегі сайлау учаскелері талаптарға сай жарақтанған. Учаскелер орналасқан ғимарат ауласын таңсәріден ән-күй кернеп, кәсіпкерлер азық-түлік, қолөнер жәрмеңкесін ұйымдастырды. Көпшілік шахмат, асық ату секілді спорт сайысында сынға түсті. Айта кетсек, бүгін өңірде қоғамдық көліктер тегін жүреді.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz