RU
Толық нұсқаға өту

«Тұран» жолбарысы дауыс берді

23.08.2026, 18:20 124

Балқаш жолбарысы «Тұран» Алматыға келді. Жолбарыс киімін киген қала тұрғыны Жетісу ауданындағы сайлау учаскелерінің біріне келіп, дауыс берді. Оның келуі аудан тұрғындарының қызығушылығын тудырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Адамдар естелікке суретке түсіп, видеоға таспалады.

Алматы тұрғынының жолбарыс костюмін киіп келуінде ерекше мән бар. Себебі Қазақстан үкіметі 70 жыл бұрын жойылып кеткен жолбарыстарды қазақ жерінде қайта жерсіндіруді қолға алды. Ресейден әкелінген төрт амур жолбарысы «Іле-Балқаш»» мемлекеттік табиғи резерватында мекендейді. Алғаш болып «Үміт» атты тарғыл жуырда жабайы табиғатқа жіберілді. Алдағы уақытта «Амур» тұмса табиғатқа шығады. Одан кейін «Тұран» мен «Уссири» атты күшіктер де резерватқа жіберіледі. Ал алматылықтар: «Бір палаталы Құрылтайға көшу –  заң шығару билігін заман талабына сай жаңғыртуға бағытталған қадам», - деп есептейді.

Гүлсім Керімбекқызы, қала тұрғыны:

- Бүгін біздің ауданымызға Балқаштың жолбарысы келіп, өте керемет көңіл күй сыйлады. Біз 40 жылдан бері осылай дауыс беріп келеміз. Ата-анам дауыс берген. Өзім дауыс беріп жатырмын және балаларым дауыс беруге келді бүгін. 

Әйгерім Жолдас, қала тұрғыны:

- Қазақстан халқы үшін бұл Құрылтай бірінші рет өтіп жатыр. Маңызы өте көп. Көптеген өзгерістер енгізіліп жатыр. Қазақстанымызда жақсылық болсын. Жайнай берсін, өсе берсін.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz