Сайлау учаскелерінде түске дейін заңбұзушылық тіркелген жоқ. Астанадағы байқаушылар осылай деді.
Жошы хан көшесінде орналасқан №486 сайлау учаскесінде 11 байқаушы, партиялардың сенімді өкілдері мен БАҚ өкілі қызмет атқарып жатыр. Олардың айтуынша, учаске тиісті талаптарға сай жасақталып, дауыс берушілердің құқығы қорғалған.
Жангелді Мыңжасаров, байқаушы:
- Қандай да бір заңбұзушылық байқамадық. Барлығы штаттық режимде өтіп жатыр. Саяси науқан барысы ұдайы назарымызда. Сайлау учаскесі тиісті талаптарға сай ұйымдастырылған.
Дәл осы сайлау учаскесі алғаш рет жасақталып отыр. Комиссия құрамында 9 адам болса, олар 2 мәрте арнайы курстан өткізілген. Мүгедектер үшін арнайы дауыс беру орны қарастырылып, онда қажетті құрал-жабдықтар қойылған.
Майнұр Тұрсымбекова, №486 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы:
- Заңға сәйкес барлық жағдай жасалған. 1260 сайлаушы тіркелген болатын. Ауа райына қарамастан барлығы келіп, өзінің дауысын беріп жатыр.
Тегтер #байқаушы #Астана #заңбұзушылық #құрылтай 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz