RU
Толық нұсқаға өту

Сайлау мерекелік көңіл күйде өтіп жатыр

23.08.2026, 18:30 36

"Түркістан облысында 1 миллион 200 мыңнан астам адам дауыс беру құқына ие. Бұл тұрғындардың 56 пайызына тең. Халық саяси науқанға белсенді қатысып жатыр", - дейді учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері.

Таңғы сағат 07:00-ден бастап №951 сайлау учаскесінің алдында ұлт аспаптар оркестрі күй орындап, асық ату, арқан тарту, қол күресі сияқты ұлттық  ойындар сайлаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров те асық атып, қала жұртшылығымен бірге дауыс берді.

Нұралхан Көшеров, облыс әкімі:

- Жаңа Құрылтай - жаңа кезең. Мен ойлаймын, әр азамат өз таңдауын, шешімін  бүгін танытуы керек. Түркістан облысының ерекшелігі - халықтың ауызбіршілігінде. Бұл біздің еліміздің келешегіне үлкен бір серпін, өзгерістер әкеледі деп ойлаймын.

Бұл сайлау учаскесінде 1400 сайлаушы тіркелген. Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар 22 және кәмелет жасына толған 15 жас алғаш рет дауыс берді. Ал қариялар Құрылтай сайлауынан ерекше үміт күтетіндерін жеткізді.

Қыдырәлі Рысбеков, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Мен өзім таңертең келіп, бірінші дауыс бердім. Себебі халық Құрылтай сайлауынан үлкен жақсылық күтіп отыр. Құрылтай ол бүкіл халықтың, 7 партия делегаттарының ақылын тоғыстыратын, мақсаттарын ортақ, бағыттарын бір ететін толыққанды кемел кеңес болады деп сенеміз.

Асқар Кенехан, №951 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:

- Қазіргі таңда өте жақсы келуде. Алғашқы келген қариямызға сыйлық берілді. Бата беріліп, жақсы бастамамен басталды. Келушілердің көңілін көтеру мақсатында концерттік бағдарлама болып жатыр. Одан бөлек, спорттық ойындарда ойналады. Ол таңнан кешке дейін жалғасады.

Мұнда дауыс беру барысын 6 бақылаушы мен 5 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері бақылайды. Бүгін өңір бойынша 952 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Оның 26-сы - жабық сайлау учаскесі.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Қуаныш Абуов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz