Ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауына тұтас ауыл болып келіп жатқандар бар. Еңбек ұжымдары мен әуелете ән салған өнерпаздар да дауыс беруде. Көпшілікпен бірге Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев та өз таңдауын жасады.
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорған қаласындағы №389 сайлау учаскесінде дауыс берді. Аймақ басшысы саяси науқанның маңыздылығын атап өтті.
Бейбіт Исабаев, облыс әкімі:
- Осы дауыс беру арқылы еліміздің болашағына, мемлекеттігіміздің қуатты, тұрақты болуына, басқару билігінің тұрақты болуына, елдің экономикалық өсіп өркендеуіне дауыс бердім.
Сайлауға үлкендермен бірге жастар да белсене қатысып жатыр. Кәмелет жасына толған 5500-ден аса адам бүгін алғаш рет дауыс береді.
Алтынай Ерболқызы, қала тұрғыны:
- Сайлауға алғаш рет қатысып отырмын. Өз дауысымды еліміздің болашағына беріп отырмын.
Облыста 468 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Соның 40-ы жабық мекемелерде орналасқан.
Тимур Дәуітов, облыстық аумақтық Сайлау комиссиясының төрағасы
- Жалпы 443 мың 200 адам. Сайлауға 11 аумақтық 468 сайлау учаскесі қатысады. 2989 адам жұмылдырылды.
Бүгін Талдықорғандағы қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайды. Сол арқылы қалалықтардың сайлау учаскесіне емін-еркін келіп-кетуіне жағдай жасалып отыр.
Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Жеңіс Әбдрешов
Тегтер #Жетісу облысы #құрылтай 2026 #саяси додаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz