RU
Толық нұсқаға өту

Сайлау учаскесінде тұсаукесер тойы өтті

23.08.2026, 18:17 39

Ақтөбедегі сайлау учаскелерінің бірінде тәй-тәй басқан бөбектің тұсауы кесілді. Жалпы дауыс беру науқаны өңірде бұқаралық мерекеге ұласқан. 

Түрлі ертегі, фильмдердің кейіпкерлері, спортшылар мен жас жұбайлар учаскелерге келді.

Мансұр Есқожин, тілші:

- Тұсау кесер рәсімі дәл осы мен тұрған 49 сайлау учаскесінде өтті. Бір қызығы, қазақы дәстүрді мемлекетіміз үшін маңызы зор тарихи оқиғамен өзге ұлт өкілдері тоғыстырған. Максим есімді бүлдіршін тұсауы кесілгеннен кейін сан түрлі сыйлықтың арасынан «Абайдың қара сөздерін» таңдады. Алғашқы қадамын сайлау учаскесінде жасаған бөбектің анасына сөз берейік. 

Танзиля Люлина, қала тұрғыны:

- Ұлымыз Максим бүгінгі тарихи күні алғаш қадам басқанын мақтан тұтамын. Осындай жарқын, игі сәтте қазақтың салтымен тұсауын кескенімізге қуаныштымыз. 

Жалпы Ақтөбе облысында 578 мың 19 сайлаушы болса, қазіргі уақытқа дейін пайыз дауыс беріп үлгерген. 49 сайлау учаскесі бойынша соңғы деректерді учаске төрағасынан анықтайық. 

Шолпан Гайнадуллина, сайлау учаскесі төрағасының орынбасары:

- Дауыс берушілердің белсенділігін өзге де учаскелерден байқадық. Тіпті ұжымдарымен бірге келіп, таңдау жасап жатқандар аз емес. Мәселен, Ақтөбе футбол клубының маскоты – Тентек сайлау учаскесіне бір топ футболшыны бастап келген. Жалпы сайлау учаскелерінде спортшылар көп кездесті. Құрылтай сайлауына орай кроссқа шыққан желаяқтар, веложүргізушілер де дауыс берді. Әзірге менде бар ақпарат осы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz