RU
Толық нұсқаға өту

Абай облысындағы транзит жолдарда қауіпсіздікті күшейтіп жатыр

24.08.2026, 08:00 29

Қытай мен Ресейді жалғайтын халықаралық «Омбы-Майқапшағай» күре жолының Абай облысындағы бөлігінде ауқымды жұмыс жүріп жатыр. 

Ал Қалбатау-Майқапшағай аралығы былтыр қайта жаңартылып, қолданысқа берілген. Дегенмен, жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту әлі де жалғасуда. Қазір қар тоқтататын қоршаулар орнатылып, аялдамалар мен жылыту пункттері әзірленіп жатыр.

Күре жол өткен жылы іске қосылғанымен абаттандыру жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Қазір жол бойына қорғаныс бөгеттері мен қар тоқтататын қалқандар орнатылуда. Сонымен қатар жылдамдықты бақылайтын құрылғылар қойылып, ауыр жүк көліктерінің салмағын өлшейтін жүйе іске қосылмақ. Мамандардың айтуынша, бұл көлік ағыны жоғары халықаралық дәліздегі қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған шаралар.

Дидар Сахаритов, мердігер компания өкілі:

- 1-участокты былтырлары тапсырғанбыз. Қазргі таңда 4 участокта тапсыруға дайындалып жатырмыз. Бізде 3-участокта 90 процент аяқталды. 10 процентінің жұмысы жүргізіліп жатыр. Ол бізде барьерный ограждение мен және снегозабор және жылыту пунктісі.

970-шақырымдағы Байбура асуында жылыту пункті салынып жатыр. Қыста қар құрсауында қалатын көлік көп болатын бұл учаскеде жаңа бекет жолаушыларға жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Қазір нысанға электр желісі тартылуда.

Гүлдарай Мұхамадиева, №29 жол пайдалану бөлімінің басшысы:

- “Қалбатау-Майқапшағай” тас жолындағы ең негізгі жұмыстар аяталды. Қазір көлік ағыны үшін өте қолайлы болды. Жол белгілері орнатылып, жолақтар сызылған. Біздің мекеме қысы-жазы осы күре жолды қалыпты жағдайда ұстау жұмыстарын жүргізеді. Өткен, кеткен жолаушылардан алғыс естіп жатамыз. Өйткені күре жолдың бұрынғы жағдайымен қазіргі жаңа жолды салыстыруға келмейді.

Тілеген Мешелов, ауыл тұрғыны:

- Жол дегеніміз экономиканың күретамыры ғой. Жол жақсы болса, елге олжа. Мына Байбураны да неше жылдан бері қар ұстап қалатын. Жол жоқ болатын. Міне қазір халыққа керемет жақсы болды. 

Республикалық маңызы бар жолдардың сапасын бақылауға бағытталған «Халықтық бақылау» жобасы да жалғасып жатыр. Ал тапсырылуы тиіс учаскелердегі жұмыстардың сапасын Жол активтері сапасының ұлттық орталығының мамандары қадағалауда.

Рүстем Қайратұлы, Мәди Базарбеков

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz