Жаңа оқу жылы қарсаңында елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Елімізде «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы басталды. Оның негізгі мақсаты – балаларды жол-көлік оқиғаларынан қорғау және қауіпсіз орта қалыптастыру.
Оқу жылы басталар алдында мектептер мен білім беру ұйымдарының маңындағы бақылау күшейтіледі. Қазір мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдері, жол белгілері мен жол таңбаларының жай-күйі тексеріліп жатыр.
Сонымен қатар мектеп автобустары мен балаларды тасымалдаудың қауіпсіздігі бақылауға алынған. Тексеру қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының жол инфрақұрылымына қатысты 548 нұсқама берілді.
Полиция жүргізушілерді жылдамдықты асырмай, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Әсіресе мектеп маңында балалардың жолға күтпеген жерден шығып қалуы мүмкін екенін ескеру қажет.
ІІМ ата-аналарға балаларға қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп отыруды ескертті. Балаларға мектепте, көшеде, қоғамдық көлікте және интернетте қауіпсіздік талаптарын сақтауды үйретудің маңызы зор.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #балалар #қауіпсіздік #24KZ #24жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz