RU
Толық нұсқаға өту

Сайлау белсенділігі — ел тұрақтылығы

24.08.2026, 11:09 40

Сайлаудағы белсенділік - ел тұрақтылығы

мен ауызбіршілігінің айқын көрсеткіші. Ал Парламентті Құрылтай форматына көшіріп, бір палаталы жүйеге өту - заң шығару ісін жеделдетуге бағытталған тарихи қадам. Бұл реформалар саяси партиялардың жауапкершілігін арттырып, елдік мүддеге қажетті заңдардың сапалы әрі жылдам қабылдануына қалай ықпал етеді?

Сайлауда дауыс беру тек науқандық шара емес, бұл елдегі ынтымақ пен патриотизмнің айқын көрінісі. Сарапшылар тұрғындардың бұл белсенділігін тұрақтылықтың басты кепілі деп санайды.

Мұрат Бақтиярұлы, мемлекет және қоғам қайраткері:

- Мысалы, батыс елдерінде де мынадай үрдіс бар. Батыс елдерінде үлкен қалаларда, мәселен, Америка Құрама Штаттары болсын, Америка Құрама Штаттарынан бөлек мықты дамыған Англия, Франция сияқты мемлекеттерде ірі қалаларда сайлауға өте аз қатысады, белсенділігі төмен. Ал біздің бұрыннан қалыптасқан дәстүріміз бойынша Қазақстан халқының басым көпшілігі сайлауға дауысты кімге береді, қалай береді — ол екінші мәселе, бірақ келіп өзінің азаматтық борышын орындап, мәселен, бюллетеньді арнайы жәшікке тастайды. Бұл, меніңше, өте тамаша үрдіс деп ойлаймын. Бұдан біздің еліміз, біздің халқымыз ұтады. 

Парламентті Құрылтай форматына көшіру — жай ғана құрылымдық өзгеріс емес, бабалар жолын жаңғыртқан тарихи қадам. Кезінде бабаларымыз ел тағдырын дәл осылай алқалы жиында шешкен. Тарихшы Нұрлыбек Мыңжасовтың айтуынша, бұл бүгінгі уақыт сұранысы.

Нұрлыбек Мыңжасов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімінің басшысы:

- Бұл Құрылтайды екі үлкен қосып, парламентті бір палаталы парламент қыламыз, Құрылтай қыламыз деген үлкен саясаттың астарында қазіргі құндылықтары ауыспалы, айнымалы кезеңде күшті мемлекет құру, саяси үлкен бірлікке келу жатыр деп ойлаймын. 

Ғалымдардың айтуынша, Құрылтай құрамының жаңаруы саяси партиялардың жауапкершілігін арттырып, заң шығару ісінің сапасын күшейтеді. Себебі партиялық тізіммен келетіндердің басым бөлігі - жаңа есімдер.  

Бауыржан Серікбаев, саясаттанушы:

- Біріншіден, заңдардың тез, жылдам, ықшам қабылдануына алып келетін болады. Екіншіден, осы саяси партиялармен, Құрылтайдың бастамасымен жазылғаннан кейін заңдардың сапалы жазылуына оң ықпал ететін болады. Яғни, бұл қазіргідей геосаяси турбулентті заманда осындай елімізге қажетті, елдік мүддеге қажетті заңдарды тез қабылдауымызға, реформаларды тезірек жүргізуімізге оң ықпал ететін осы Құрылтай болады деп сенеміз.

Мұхтар Төлеген, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ректоры:

- Менің ойымша, Қазақстан халқы жауапкершілікті сезінеді, өйткені олар өз болашағына бейжай қарай алмайды. Жаңа конституция бойынша жаңа институттар құрылып жатыр, оның барлығында халық өз ой-пікірлерін, саяси көзқарастарын ашық әрі белсенді түрде көрсетіп жатыр. 

Халықтың сайлаудағы белсенділігі - елдегі тұрақтылықтың көрінісі. Ал Құрылтай форматына көшу заң шығару ісін жеделдетеді. Бұл тарихи қадам реформаларды тез жүргізіп, елдік мүддені қорғауға мүмкіндік береді, дейді сарапшылар.

Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz