RU
Толық нұсқаға өту

Бір палаталы Құрылтайдың тиімділігі

24.08.2026, 11:21 31

Бір палаталы Құрылтай халық игілігіне жұмыс істейтін заңдарды тез қабылдауға мүмкіндік береді. 

Бұл петропавлдық заң ғылымдарының кандидаты Гүлбақша Мұсабаеваның пікірі. Сарапшының айтуынша, жаңадан жасақталатын заң шығарушы орган Қазақстанның саяси-экономикалық дамуына тың серпін береді. Сонымен қатар құқықтық-әлеуметтік реформаларды тез арада іске асырып, елдің даму бағытын айқындауға ықпал етеді. «Осы орайда депутаттарға да үлкен жауапкершілік артылады», - дейді сарапшы.

Гүлбақша Мұсабаева, заң ғылымдарының кандидаты:

- Бұрын Парламентте Мәжіліс қарайтын. Содан кейін Сенат, содан кейін Президент. Дәл қазіргі уақытта бұл мерзім екі есеге қысқартылып жатыр. Бүгін біздің тарихи оқиғаға байланысты үлкен таңдау. Ертең Құрылтай депутаттары сайланады. 145 адамның ойына, дауысына байланысты - біздің болашақ Қазақстанымыздың.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz