RU
Толық нұсқаға өту
фото: polisia.kz

Ақтөбеде есірткі таратқан екі адам ұсталып, 400-ге жуық орама тәркіленді

24.08.2026, 11:54 36

Полиция «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында күдіктілерді Ақтөбе қаласының өнеркәсіптік аймағында қолға түсірді, деп хабарлайды 24KZ.

Ұсталғандардың бірін жеке тінту кезінде жасыл түсті, өзіне тән иісі бар зат салынған 246 орама табылып, тәркіленді. Оқиға орнын тексеру кезінде полицейлер тағы 133 ораманы анықтап, тәркіледі.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер есірткіні Telegram мессенджеріндегі интернет-дүкен арқылы сатып алған. Кейін олар есірткі заттарын жасырын орындарға жасырып, сол арқылы таратқан.

 

Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы және есірткінің заңсыз айналымына қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғалар анықталуда, деп жазды полиция өкілдері.


Есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар адамдарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz