RU
Толық нұсқаға өту

Өңірлерде жаңа нысандар іске қосылды

24.08.2026, 11:46 35

Өңірлерде бірқатар жаңа нысан пайдалануға берілді.

Қызылордада әлеуметтік осал санаттағы кезекте тұрған азаматтарға 90 пәтердің кілті табысталды. Ақмола облысының Аршалы кентінде 47 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Ал Ақтөбе облысының Жабасақ ауылына көгілдір отын жеткізілді. Арқалық әуежайында 30 жылдан кейін тұрақты әуе қатынасы қайта жанданды. Павлодар әуежайындағы ұшу-қону жолағы да реконструкцияланды. Қостанай облысындағы Тобыл станциясының вокзалы жөнделіп, Ойыл ауылына апаратын 280 метрлік көпір құрылысы аяқталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz