RU
Толық нұсқаға өту
@DenMinPR

Құрылтай сайлауы күні Қазақстанда 657 нәресте дүниеге келді

24.08.2026, 14:24 48

Елімізде Құрылтай депутаттарын сайлау өткен 23 тамыз күні республикалық медициналық ұйымдарда 657 сәби өмір есігін ашты, деп хабарлайды «24KZ». Олардың 318-і ұл болса, 339-ы қыз бала.

Жаңа туған нәрестелер саны бойынша Алматы қаласы көш бастады - мұнда 60 бала дүниеге келді. Сондай-ақ, Түркістан облысында – 54 және Шымкент қаласында 51 сәби тіркелді. Сонымен қатар ел бойынша бір егіздер жұбы өмірге келді.

Айта кетейік, ана мен бала денсаулығын сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, тәулік бойы жұмыс істеп, босандыру процесін қауіпсіз бақылауға алуда. Денсаулық сақтау министрлігі бұл күн еліміздегі маңызды саяси науқанмен қатар, 657 қазақстандық отбасы үшін ерекше қуанышқа толы естелікке айналғанын атап өтіп, ата-аналар мен сәбилерге зор денсаулық тіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz