Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті балаларға қауіпсіз мектеп формасын қалай таңдау керектігін түсіндірді, деп хабарлайды 24KZ.
Ведомство мамандарының айтуынша, мектеп формасын таңдағанда оның сыртқы көрінісі мен бағасына ғана емес, таңбалануына, матасының құрамына, қауіпсіздігі мен ыңғайлылығына да назар аудару қажет. Бала мектеп формасын күннің едәуір бөлігінде киетіндіктен, киім белгіленген қауіпсіздік талаптарына сай болуы тиіс.
Мектеп формасын сатып алған кезде ата-аналар сатушыдан өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуды сұрауға құқылы.
Мектеп формасын жұмыс істеп тұрған сауда орындарынан сатып алу ұсынылады. Тауар таңдағанда ең алдымен оның қауіпсіздігіне, сапасы мен ыңғайлылығына мән берген жөн. Бағасы мен сыртқы келбеті ғана басты өлшем болмауы керек.
Қауіпсіз мектеп формасы – таңбалануы түсінікті, матасының құрамы талапқа сай, сапалы тігілген және балаға ыңғайлы киім.
Тегтер #Мектеп формасы #Жаңа оқу жылы #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz