Құрылтай депутаттарын сайлау барысы тыныш жағдайда өтті.
Учаскелердің басым бөлігінде белгіленген рәсімдер сақталып, сайлау комиссиялары мен қоғамдық байқаушылардың өзара жұмысы талапқа сай жүргізілген. «ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы кешегі күннің алдын ала қорытындысын жариялады. Ел аумағында коалицияның 25 мыңнан аса байқаушысы жұмыс істеді. Олар саяси науқан алдында бір ай бойы арнайы дайындықтан өткен. Сайлау заңнамасы, құқықтары мен міндеттері, дауыс беру және дауыстарды санау тәртібі түсіндірілген. Ал дауыс берушілерге келсек жастардың көптігі көңіл аудартқан. Демек, елдің қоғамдық-саяси өміріне қызығушылық танытып, Қазақстанның болашағын қалыптастыруға бей-жай қарамайтынын аңғартады.
Төлеген Күнәділов, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының төрағасы:
- Құрылтай сайлауына 197 үкіметтік емес ұйым мен қоғам белсенділері бар «ДАУЫС» коалициясында. Осы жағдайға бей-жай қарамай осы науқанды қоғамдық бақылау тетіктерін қолдана тұра.
Тегтер #құрылтай 2026 #дауыс коалициясы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz