Қызылорда қаласында жалған ақпарат таратып, полиция қызметкерлеріне құрметсіздік танытқан 22 жастағы Шұғыла Сәбит әкімшілік жауапкершілікке тартылды., деп хабарлайды «24KZ». Бұған дейін ол әлеуметтік желілерде өзін «тек күлгені үшін» тәртіп сақшылары ұстағанын айтып, шындыққа жанаспайтын деректерді таратқан. Алайда тексеріс барысында бұл ақпараттың жалған екені анықталды.
Шын мәнінде, түнгі уақытта тыныштықты бұзған бойжеткен полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, ұсақ бұзақылық жасаған.
Сот шешімімен құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынып, оған тиісті айыппұлдар салынды және ресми ескерту жасалды. Қабылданған қатаң шаралардан кейін қыз әлеуметтік желілердегі арандатушылық сипаттағы жарияланымдарын өшіруге мәжбүр болды.
Полиция қызметкерлері азаматтарға үндеу жасап, құқық қорғау органдарының өкілдеріне құрметсіздік таныту, арандатушылық әрекеттер жасау және көрінеу жалған ақпарат тарату заң аясында қатаң жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.
Тегтер #Қызылорда #жалған ақпарат #әлеуметтік желі #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz