RU
Толық нұсқаға өту
фото: depositphotos.com

Ақмола облысында жүргізуші куәлігі жоқ әйел мас күйінде көлік жүргізген

25.08.2026, 09:26 40

Ақмола облысында полиция қызметкерлері алкогольдік ішімдік ішкен әйелді көлік жүргізіп келе жатқан жерінен тоқтатты. Оның көлік басқару құқығы да болмаған, деп хабарлайды 24KZ.

Полиция мәліметінше, оқиға 24 тамызға қараған түні сағат 02:27 шамасында Буланды ауылында болған. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Audi B4 автокөлігін байқап, тоқтату туралы талап қойған. Алайда жүргізуші полицейлердің талабына бағынбай, қозғалысын жалғастырып, жылдамдықты арттырған.

Көлікті тәртіп сақшылары жергілікті үйлердің бірінің ауласында тоқтатқан. Рөлде әйел адам отырған. Құжаттарын тексеру кезінде оның көлік басқару құқығы жоқ екені анықталды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері әйелден алкогольдің өткір иісін сезген. Полиция мәліметінше, әйел бұған дейін достарымен кездесіп, алкогольдік ішімдік ішкен. Кейін достарын үйлеріне жеткізіп салу үшін көлік рөліне отырған.

Автокөлік әйелдің өзіне тиесілі болған.

Аталған факті бойынша оған қатысты заңда көзделген шаралар қабылданды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz