RU
Толық нұсқаға өту
фото: Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Астана әуежайында жолаушыларға арналған тегін ауызсу станциялары орнатылуда

25.08.2026, 10:00 40

Астана халықаралық әуежайында жолаушыларға арналған тегін ауызсу станциялары орнатылды, деп хабарлайды 24KZ.

Станциялар әуежайдың су жүйесіне қосылған және бірнеше сатылы сүзгілеу жүйесімен жабдықталған. Енді жолаушылар терминал ішінде өз бөтелкесіне немесе басқа да қолайлы ыдысқа ауызсуды тегін құя алады.

Әуежай өкілдерінің айтуынша, жаңа қызмет әсіресе ұшатын, қонатын немесе транзиттік рейсті ұзақ күтетін жолаушылар үшін ыңғайлы. Жолаушылар бос бөтелкесін әуежайдағы станциядан тегін ауызсумен толтыра алады.

Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, ауызсу станцияларын орнату жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға, ауызсудың қолжетімділігін арттыруға және әуежайдағы қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz