RU
Толық нұсқаға өту

Электросамокаттарға тротуарлармен жүруге тыйым салынды

25.08.2026, 13:44 41

Бүгіннен бастап жаяу жүргіншілер жолында электрсамокатпен жүруге тыйым салынады. Мұндай көлік құралымен тек веложолақпен немесе жолдың оң жақ шетімен қозғалуға рұқсат. 

Жол апаттарының көбеюіне байланысты заңға осындай өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Жаңа талаптарға сай, енді тек 18-ге толған, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі бар азаматтар ғана электрсамокатпен жүре алады. Ал жолдан өткенде самокат, велосипед және мопед иелері көліктен түсуі тиіс. Сондай-ақ бұл көлік құралдарымен жолаушыларды тасымалдауға, рөлді ұстамай телефон пайдалануға, сондай-ақ қараңғыда жарық шағылыстыратын элементтерсіз жүруге тыйым салынады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz