Елде көлік жүргізушілердің жолдағы тәртібі мен жүргізу мәнері
міндетті автосақтандыру құнын есептеу кезінде ескеріледі. Бұл өзгерістер "Сақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы" жобасына енгізілген. Сақтандыру компаниялары бірыңғай сақтандыру дерекқоры мен мемлекеттік базалар арқылы әр жүргізушінің деңгейін жеке бағалайды. Жүргізу мәнері, жол ережесін бұзу деректері және апатқа түсу тарихы бағаға әсер етеді. Жүргізушінің жасы мен өтілі, сондай-ақ көліктің жүріп өткен жолы мен пайдаланылатын өңірі де ескеріледі. Осылайша жолда ұқыпты жүретін, апатқа түспейтін жүргізушілер сақтандыруды арзан бағамен ала алады. Ал ережені жиі бұзатындар үшін полис құны жоғарылайды.
Серікболсын Төлебеков, сақтандыру нарығы және актуалдық есеп айырысу департаменті директорының орынбасары:
- Міндетті автокөлікті сақтандыру түрі сақтандыру шарты жасалған кезде адамға ол түсінікті болатындай, тариф ол адамның тәуекелдеріне бейімделген болатын қылып, жасау көзделіп отыр. Және тағы да басқа бағыттар қарастырылған.
Тегтер #автосақтандыру #жүргізуші #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz