RU
Толық нұсқаға өту

СҚО-ға 800 отбасы көшіп келді

26.08.2026, 07:10 43

Солтүстік Қазақстан облысында ішкі көші-қон бағдарламасы толық орындалды. Өңірге жыл басынан бері 800 отбасы көшіп келді. 

Қоныс аударған әр адамға мемлекет тарапынан 302 мың теңге көлемінде субсидия төленіп, үй сатып алуға қаржылай қолдау көрсетілді.

Мағжан Әмірбек Петропавлға Алматы қаласынан көшіп келді. Еңбек жолын енді бастаған жас маманға көтерме ақымен қатар «Экономикалық ұтқырлық сертификаты» бойынша үй сатып алуға қаржы берілді. Қазір ол жергілікті зауытты жұмыс істейді.

Мағжан Әмірбек, Трансформатор зауытының қызметкері:

- 2020 жылы Петропавл қаласына көшіп келдім. Осы зауытта жұмыс істеймін. Келе сала жұмысқа кірдім. Петропавл қаласы маған ұнады. Үй алғанда мемлекет маған үй алғаным үшін 4,5 млн теңге ақша қаржы берді.

Биыл Солтүстік Қазақстан облысына 2820 адам көшіп келді. Бұл 800 отбасы. Оларға мемлекеттік бағдарлама бойынша үй сатып алуға қаржы бөлінді. Биыл оның көлемі 7 млн. теңгеден асты.

Нұрлан Биболаев, Еңбек мобильділігі орталығының директоры:

- Келген адам өзі қай ауданға баратынын таңдайды.  Өздері таңдап, келгеннен кейін сол ауылды мекендерде үйлерді таңдайды. Үйді сатып алып орналасқанға дейін біздің құзырымызда. Мамандарымыз бәрі жұмыс істейді. Әрқайсының бала-шағасының орналасуына дейін қазақ мектептеріне орналасуына дейін бәрін ұйымдастырамыз.

Көші - қон бағдарламасы еңбек нарығындағы кадр тапшылығы мәселесін шешуге оң ықпал етеді. Өңірде әлі де ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау және қызмет көрсету саласының мамандары жетіспейді.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz