RU
Толық нұсқаға өту
Фото: polisia.kz

Қазақстанда адасып қалған үндістандық саяхатшыға полицейлер көмектесті

26.08.2026, 10:38 38

Қазақстан арқылы велосипедпен саяхаттап келе жатқан Үндістан азаматы Атырау облысында адасып қалған. Жол үстінде оған патрульдік полиция қызметкерлері көмектесіп, саяхатшы өз ризашылығын білдірді, деп хабарлайды «24KZ».

24 тамызда патрульдік полиция қызметкерлері Наурызбек Сұлтанов, Әліби Жасталапов және Әкежан Бекболат жол бойында велосипедпен келе жатқан шетелдік азаматты байқайды.

Саяхатшы Ресейден шығып, Қазақстан арқылы Үндістанға бара жатқан. Алайда жолда адасып, интернетке қосыла алмай қалған.

Полицейлер оның SIM-картасын іске қосып, интернетке қосылуына көмектескен. Бұдан бөлек, қонақүй таба алмай жүргенін білген тәртіп сақшылары жақын маңнан қонақүй тауып, орналасуына жәрдемдескен.
Полицейлердің көмегіне риза болған саяхатшы оларға алғысын айтып, сапарын әрі қарай жалғастырған.

Қазақстан арқылы мыңдаған шақырым жол жүріп келе жатқан саяхатшы үшін бұл кездесу ел туралы жылы әсер қалдырғаны сөзсіз.


«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz